×

Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдерінің сайлауы өтеді

Сайлау 5 қарашаға белгіленді

 Дастан Жұмабекұлы 08.09.2023 | 15:46
Фото: gov.kz

Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс өткен жетінші сессиясында Курчатов қаласы мен Абай ауданы әкімдерінің сайлауын өткізу мәселесі қаралды.

Абай облысы әкімдігінің хабарлауынша, сайлау 5 қарашаға белгіленген.

Курчатов қаласы мен Абай ауданы Абай облысы мәслихатының шешімімен серпінді өңірлер болып жарияланған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылу салтанатында биыл елімізде алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын. Аталған 45 аймақтың екеуі Абай облысына тиесілі. Олар – Курчатов қаласы мен Абай ауданы, – делінген хабарламада.

Сессия жұмысына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама