×

Павлодарда апат болып, қаланың жартысы жарықсыз қалды

Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 08.09.2023 | 14:10
Фото: orda.kz

Павлодарда апат болып, тұрғындар жарықсыз қалды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

109 қызметінің мәліметінше, электр желілері шұғыл түрде жарықтан ажыратылды. Оң жағалау, Саябақ, Усолка қосалқы станциясы уақытша жарықсыз қалды.

Сондай-ақ бірқатар нысанда ауыз су қысымы төмендеді. 

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс бөлімі бүгінде қаланың басым бөлігі электр желісіне қосылғанын хабарлады.

Бірнеше нысанды жарыққа қосу ғана қалды. Қанша үйдің тоқсыз қалғаны белгісіз. Себебі жарты қалада (Павлодардың оңтүстік бөлігі) жарық өшірілді. Үлкен апат болды. Оның себебі әзірге белгісіз. Қосалқы станциядан оң жағалаудағы үйлерді жарыққа қосу қалды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, су қысымының төмендеуіне қосалқы станциядағы апат себеп болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама