×

Салық және кеден саласынан 18 млн теңгеге жуық қаржылық бұзушылық анықталды

Жоғары аудиторлық палатата бірқатар мемлекеттік органға ұсынымдар берді

 Динара Амантай 08.09.2023 | 12:00
Фото: Halyq Uni

Жоғары аудиторлық палатаның отырысында 2022 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қорытындыланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жиында Мемлекеттік кірістер комитетінде ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі мен дамуынің Қазақстан Республикасы ақпараттандыру саласындағы заңнамасын бұза отырып іске асырылатыны айтылды. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба алынған әсерді бағалаусыз аяқталған. Толық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында тексеру графигіне енгізу үшін салық төлеушілерді іріктеу процесі жетілдіруді талап етеді.

Мемлекеттік кіріс органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы орындалмаған хабарламаларға уақтылы ден қоймау фактілеріне жол беретінін де анықтады.

Жаңа заңды тұлғаларды тіркеу шарттарын барынша жеңілдету кейін оны жарамсыз деп тануға әкелетін теріс пайдалануға алғышарттар жасайды. Оңалту және банкроттық рәсімдердің тиімділігі төмен және әлеуметтік талаптарды өтеуге, оны жүргізуге байланысты шығыстарды өтеумен шектеледі.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата 17,9 млн теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылықтарды, 15,4 млн теңгені тиімсіз пайдалануды, 613,2 млн теңге кіріс бөлігі бойынша бюджет шығынын, 23 рәсімдік бұзушылық пен 78 жүйелік кемшілікті анықтады.

Отырыс қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата Үкіметке, Қаржы, Әділет, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне ұсынымдар берді. Мемлекеттік кірістер комитетіне анықталған кемшіліктерді, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама