×

Еуропа-2024: Қазақстан Финляндия құрамасына есе жіберді

Командалардың ойыны аса тартысты және қызықты болды

 Халық үні 07.09.2023 | 22:09
Фото: Ілияс Омаров

Астанада футболдан Еуропа-2024 чемпионаты іріктеу турнирінің матчы болды. Қазақстан құрамасы Финляндия командасын ойнап, жеңіліп қалды.

Бірінші таймда есеп ашылмады.

Екінші тайм басталғаннан-ақ Қазақстан құрамасы шабуылды жиілетуге тырысты. Алайда финляндиялық футболшылардың шабуылы алғашқы таймдағыдан қауіптірек бола бастады. Осылайша, ойынның 78-минутында Финляндия құрамасының ойыншысы Антман Оливер есеп ашып, ойынның алғашқы голын салды. Есеп – 0:1. Қонақтар алға шықты.

Қақпаға жіберілген голдан кейін қазақстандықтар белсенділік таныта бастады. Бірақ бұл нәтиже берген жоқ. Сонымен Қазақстан құрамасы бүгінгі ойынды жеңіліспен аяқтады.

Айта кетейік, осы матч алдында Қазақстан мен Финляндия құрамалары Н тобының көшбасшылары болды. Екі команда да төрт ойыннан 9 ұпай жинады.

Енді 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландияны қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама