×

«Астанада» ойнаған футболшы қыз қайғылы жағдайда көз жұмды

26 жастағы Виолетта Мицул Исландияда командалас құрбыларымен тауға шығып, абайсызда құлап кеткен

 Халық үні 07.09.2023 | 20:45
Фото: fmf.md

Футболдан Молдова құрамасының ойыншысы Виолета Мицул қайғылы жағдайда қайтыс болды. Бұл туралы Молдова футбол федерациясының ресми сайты хабарлады.

26 жастағы Виолетта Мицул Исландияда командалас құрбыларымен тауға шығып, абайсызда құлап кеткен. Спортшы оқиға орнында көз жұмды.

Виолетта 1997 жылы 3 сәуірде Тирасполь қаласында өмірге келген. Ол Қазақстан чемпионатында да доп теуіп, «Астана» мен «Оқжетпес» командаларында ойнады.

Ал ұлттық құрама сапында Мицул 41 рет алаңға шыққан. Сондай-ақ Виолетта футболдан Украина чемпионатының қола жүлдегері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама