×

Қазақстан – Финляндия матчы: стадионға арнайы автобустар қатынайды

Жанкүйерлерді «Астана Аренаға» шаттл-автобустар апарады

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2023 | 13:36
Фото: gov.kz

Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің аясында болатын Қазақстан, Финляндия ұлттық құрама командаларының матчына жанкүйерлерді арнайы автобустар апарады.

Астананың бес тұрақ торабынан шаттл-автобустар жүреді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Автобустар мына жерден қатынайды:

- «Астаналық цирк» автотұрағы;
- «Қазақстан» СК автотұрағы;
- «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;
- «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешітінің тұрағы (Нұр-Астана);
- «Жастар» сарайы тұрағы.

Шаттл-автобустар тұрақтардан сағат 19:00-де қозғалады.

Сондай-ақ матч аяқталған соң футбол көрермендерінің ыңғайлылығы үшін қосымша №10, 12, 21, 26, 28, 37, 40, 49, 51, 53, 60 қалалық және №303 қала маңы бағдарлары Қабанбай батыр даңғылындағы аялдамада тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама