×

Ертең Астанадағы стадионда аншлаг, көшеде кептеліс болады - әкімдік

Қазірдің өзінде 30 мыңға жуық билет сатылып үлгерді

 Еркеғали Болатұлы 06.09.2023 | 17:40
фото: green-dd.ru

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындарына ертеңгі футбол матчына байланысты үндеу жасады.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 7 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында сағат 20:00-де ЕУРО-2024 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия матчы өтеді.

Бұл біздің команда үшін Еуро-2024 чемпионатына жолдама алуға шешуші матчтардың бірі болмақ. Қазірдің өзінде 30 мыңға жуық билет сатылып үлгерді. Стадионда аншлаг болады деп болжанып отыр. Ойын «Астана Арена» стадионында өтетіндіктен, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарында кептеліс болуы мүмкін, - деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көлік кептелісін болдырмау үшін әкімдік жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұрап, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Ал 10 қыркүйекте сағат 19:00-де Астанада Қазақстан құрамасы Ирландия құрамасымен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама