×

Астанада жылыту маусымы қашан басталатыны айтылды

 Әлеуметтік нысандарға жылу ерте беріледі

 Дәурен Ерболат 06.09.2023 | 16:55
Фото: egemen.kz

Елордада ауа температурасы 5 күн бойы +10 және одан төмен болса, әкімдік жылыту маусымын бастау туралы шешімін қабылдайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жылыту маусымын өткізуге қатысты мәслихат қабылдаған ереже бар.

Оған сәйкес жылыту маусымын бастау туралы шешімді әкімдік қабылдайды. Егер қалада 5 күн бойы +10 және одан төмен градус салқын болса, онда әкімдік жылыту маусымын бастау туралы шешімін шығарады. Әзірше мұндай параметр болған жоқ, - деді Мақсат Есмағұлов қалалық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, әлеуметтік нысандар: балабақшалар, мектептер, ауруханалар әкімдіктің қаулысын күтпей, жылыту жүйесіне қосыла алады.

Ол үшін мекемелер «Астанажылутранзит» АҚ-ына өтінім беруге тиіс, - деді бөлім басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама