×

Балабақша тәрбиешілерінің айлығы тағы көбейеді

97 мың тәрбиешінің айлығы 30 пайыз өседі

 Дастан Жұмабекұлы 06.09.2023 | 16:18
Фото: egemen.kz

Қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы да 30% көбейеді. Сөйтіп, 97 мың тәрбиешінің айлығы өсетін болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Жалақыны жыл сайын арттыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктілігін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзырет орталықтары» жұмыс істейді. Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдап жатыр.  Жыл басынан бері 29 620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланған.

Бүгінде Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің бірыңғай базасын құрып жатыр. Бұл қызметтердің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама