×

Өзбекстанда бетті тұмшалап жүруге тыйым салынады

Депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдаған

 Дастан Жұмабекұлы 06.09.2023 | 11:15
Фото: uzreport.news

Өзбекстан Республикасында қоғамдық орында бетті тұмшалап жүруге тыйым салатын заң жобасына өзгеріс енгізілді.

Өзбекстан Парламентінің баспасөз қызметі палатаның пленарлық отырысында әкімшілік және қылмыстық кодекстің заң жобасына өзгертулер мен толықтырулардың қабылданғанын хабарлады.

Депутаттар ер мен әйел құқығының теңдігіне күмән келтіретін нәрсені айыптайтын заң жобасын мақұлдады. Сонымен бірге құжатта екі немесе одан көп әйелмен бірге тұратын ер адамдарды әкімшілік жауапқа тарту көзделген, – делінген хабарламада.

Палатаның пленарлық отырысында депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдаған. Құжат Парламенттің жоғары палатасы – Сенатқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама