×

Футболдан Қазақстан құрамасының тізімі анықталды

Командаға 26 футболшы шақырылды

 Дастан Жұмабекұлы 06.09.2023 | 09:03
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев 7 қыркүйекте Финляндия және 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландия құрама командаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Қорытынды тізімге 26 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Максим Самородов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (барлығы – «Астана»), Рамазан Оразов («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Мақтаарал»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздықов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Эльшад Хинизов – сарапшы бапкер.

Қазақстан құрамасы қыркүйек айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 7 қыркүйекте Финляндия құрамасымен матч Астана уақытымен 20:00-де басталады. Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландия командасымен ойнайды. Матчтың басталуы 19:00-ге жоспарланған. Екі матч та «Астана Арена» стадионында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама