×

«Әкесі ұрлап кеткен»: Жетісу облысында сегіз айлық бала іздестіріліп жатыр

 

Сәбидің әкесі қайын енесін ұрғаны үшін 15 күндік әкімшілік қамауға алынған

 Халық үні 05.09.2023 | 23:50
Фото: gov.kz

Желіде қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Қаскелең және Талдықорған қалаларының прокуратурасы, полициясы қызметкерлерінен, сондай-ақ балалар омбудсменінен әкесі ұрлап кеткен 8 айлық баланы іздеуге көмектесуді сұраған видеосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода қоғам белсендісі жоғалған сегіз айлық қыздың әлі де емізулі екенін айтады. Сәбидің әкесі қайын енесін ұрғаны үшін 15 күндік әкімшілік қамауға алынған. Дина Таңсәрінің болжамынша, агрессивті әке баланы бір жерде жасырып отыр. 

Ал Талдықорған қалалық полициясы 31 тамыздан бастап Қаскелең қаласының 39 жастағы тұрғыны уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғанын растады. Ол әкімшілік соттың қаулысына сәйкес 15 тәулікке қамауға алынған. Ер адам Талдықорғанда 33 жастағы жұбайы мен оның анасына қатысты жасаған «Денсаулығына қасақана жеңіл залал келтіргені» үшін ұсталған. 

«Қыркүйек айының басында әкімшілік соттың қаулысымен ұсталған ер адамның жұбайы тағы да Талдықорған қалалық полициясына шағымданған. Ол 12 тамызда Қаскелең қаласында ерлі-зайыптылардың кезекті жанжалынан кейін күйеуі алып кеткен 8 айлық баланы іздеуге көмектесуді сұрады. Қазіргі уақытта баланы іздеу шараларына Талдықорған мен Қаскелеңнің полицейлері атсалысып жатыр», - деп хабарлады Жетісу облысы ПД.

Жиналған материалдар Қарасай аудандық ПБ-ға қарау және процестік шешім қабылдау үшін жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама