×

Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды

Биыл ол UFC-ден шығарылған болатын

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2023 | 17:43
Фото: Кеңес Рақышевтің Facebook-тегі парақшасынан алынды

Белгілі файтер Жалғас Жұмағұлов Rukh клубына қосылды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының перзиденті, меценат Кеңес Рақышев айтты.

Біздің Rukh атты клубымызға UFC-дің тағы бір жауынгері қосылды. Сіздерге қазақ батыры Жалғас Жұмағұловты ерекше таныстырудың қажеті жоқ: көпшіліктің сүйіктісі, ашық мінезді және шынайы жігіт Жалғас керемет жекпе-жектер мен әдемі жеңістерді көрсету мүмкіндігін асыға күтуде. Дамир Ысмағұлов, Жәнібек Әлімханұлы мен Садриддин Ахмедов сияқты жауынгерлер қосылған клубымызда оған сәттілік тілеп қояйық, – деп жазды ол әлеуметтік желіге.

Еске сала кетсек, Жалғас Жұмағұлов биыл UFC-ден шығарылған болатын. Ол UFC-де бір рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілді. Соңғы жекпе-жегінде Джошуа Ванудан жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама