×

Өнеркәсіп және құрылыс министрі тағайындалды

Президент тиісті Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 04.09.2023 | 15:45
Фото: baiterek.gov.kz

Президент Өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін (РФ), Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастады.

  • 2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің қаржы департаментінде, жобаларды басқару департаментінде, операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.
  • 2008-2014 жылдары – «Сити» инвестбанк акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).
  • 2014-2015 жылдары – «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).
  • 2015-2017 жылдары – Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.
  • 2017-2020 жылдары – Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.
  • 2020-2022 – «Сити» инвестбанкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.
  • 2022 жылғы 2 ақпаннан бастап бүгінге дейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның Басқарма төрағасы болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама