×

Президент Ауыл шаруашылығы министрін тағайындады

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

 Динара Амантай 04.09.2023 | 11:45
фФото: t.me/qazaqstantv

Президент Ауыл шаруашылығы министрін тағайындады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айдарбек Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға – 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

  • 08.1984-10.1984 – кеңшар бухгалтері, Солтүстік Қазақстан облысы;
  • 09.1992-10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры;
  • 10.1995-09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС-ның бас директоры;
  • 09.2003-02.2005 – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары;
  • 02.2005-03.2006 – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары;
  • 03.2006-09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық басқармасының басшысы;
  • 03.2006-11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы;
  • 11.2006-03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі;
  • 03.2008-04.2010 – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі;
  • 04.2010-09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары;
  • 09.2011-03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары;
  • 03.2019-11.2022 – Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары;
  • 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама