×

Алматыда Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы дүниеден озды

Ол он күннен кейін 102-ге толатын еді.

 Халық үні 04.09.2023 | 08:23
Фото: Ұлттық ұлан

Алматыда Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы, 101 жастағы Қайырлы Жоңқабаев қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады.

Ол он күннен кейін 102-ге толатын еді.

Қайырлы Уатайұлы Жоңқабаев 1921 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылдың қыркүйегінде ШҚО-ның Құлынды орта мектебінде мұғалім болып бастаған.

1941 жылдың қазан айында Панфилов дивизиясының 23-гвардиялық полкінің қатардағы жауынгері Қызыл Армия қатарына шақырылды. Қайырлы Уатайұлы бүкіл соғысқа қатысқан. Сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында пулеметші болған, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада соғысқан, Беларусь, Польша, Эстонияны азат етуге қатысқан.

1943 жылы ақпанда қанды Ржевск шайқасында жарақат алып, Дрезденде жеңіске жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама