×

«Ер адамның сараптама қорытындысы көрсетілген»: Алматы облысында 13 жасар қыз асылып тұрған жерінен табылған

13 жасар қыз анасынан ғана емес, әкесінен де өзіне 2 қыз тиісіп жатқанын айтып, ақша сұраған

 Халық үні 03.09.2023 | 21:50
Фото: видеодан алынды

Алматы облысында өз үйінің мал қорасында белгісіз жағдайда қайтыс болған Айсұлу Чадаева есімді жасөспірімнің анасы оны өлтіріп кетті деп есептейді. Небәрі 13 жасында өзінің шарфына оралып, асылып тұрған күйінде қорадан табылған қызының өліміне Әлия Тыныбаева басқа адамдардың қатысы бар деп біледі. Олай деуіне келтірер көп себебі болса да, баласынан айырылған ананың шағымына қатысты қозғалған қылмыстық іс 11 мәрте қысқартылып, қайта ашылған, деп хабарлады «Информбюро».

Бұл қылмыстың ашылуына мүдделі адамдар бар секілді көрінеді. Әйтпесе, қызыммен сөйлескен соңғы сөзімізде ол ақша сұрады, үйден ақша жоғалды. Көршінің қыздары қызымның өлімін әкесінен бұрын білді. Сөйте тұра, полицияға «қыз өз-өзіне қол жұмсады» деген дерек қана ыңғайлы, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізгісі келмейді дейді. Адвокаты болса, қылмыстық істі жүргізу кезінде гестологиялық сараптама қорытындысында 13 жасар қыздың орнына басқа қайтыс болған ер адамның сараптама қорытындысы көрсетілгені сынды өрескел заңбұзушылықтар болғанын алға тартып отыр.

Көрші қыз құрбысына Айсұлу бүгін волейбол ойнауға шықпайды, қайтыс болды деп 16:18-де хабарласқан. Бұны телефонды детализацияға бергенде білдік. Әкесі үйге сағат 5-ке 5 минут қалғанда келген. Яғни, бұл қыздар бізден бұрын біліп отыр, – дейді мақұмның анасы.

13 жасар қыз анасынан ғана емес, әкесінен де өзіне 2 қыз тиісіп жатқанын айтып, ақша сұраған.

«50 мыңнан астам ақша жоғалды. Үйге кіріп келгенде біреудің үйді тінтіп, бірдеңе іздегені көрініп тұрды. Үй іші шашылып жатты. Айсұлудың өзі жинаған ақшасы мен алтын бұйымдарын алмаған. Тек ақшаны алып кеткен. Әкем сіңлімді құлыптаулы қорадан асылып тұрған жерінен тапты», - дейді әпкесі Әйгерім Чадаева.

Қыздың анасының жауабы жазылған құжат жоғалып кеткен. Оны прокурордың өзі растап отыр. Қазір қызға қайта гестологиялық сараптама тағайындалды. Соны күтіп жүрміз, – дейді адвокат Жәния Садықова.

«Күмәнді өлімдерді ҚР ҚК-нің 105-бабымен емес, 99-бабымен тіркеу қажет. Өйткені адам өзін-өзі өлтірер алдында денесінде жарақаттар болса, 99-бапта толықтай тексеріледі», – дейді заңгер Ғабит Өмірбек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама