×

Екібастұз ауруханасының қызметкері жауапқа тартылды

Антикордың араласуынан кейін медициналық ұйым өзінің қателігін мойындады

 Динара Амантай 02.09.2023 | 12:47
Фото: gov.kz

Екібастұз ауруханасының қызметкері кәсіпкердің құқығын бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің атына мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған міндеттемелер бойынша «Екібастұз қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК ақшалай қаражатын төлемеуге қатысты жеке кәсіпкер жүгінген.

Биыл 23 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның араласуынан кейін аталған медициналық ұйым өзінің қателігін мойындап, кәсіпкерге 349 мың теңге көлемінде ақшасын төледі, – делінген Антикор хабарламасында.

Өз кезегінде «Екібастұз қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК экономисі сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама