×

«0 градусқа дейін төмендейді»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және суық болады

 Халық үні 01.09.2023 | 19:30
Фото: klike.net

«Қазгидромет» РМК 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кең және аз жылжымалы циклон Қазақстаның ауа райын анықтайды. Алдағы күндері республиканың көп бөлігінде бұлтты, жаңбырлы және суық болады.

Солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, Жетісу және Алматы облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын жаңбыр мен сулы қар түрінде күтіледі, найзағай, бұршақ, екпінді жел болады.

Бұл аймақтардағы ауа температурасы түнде 5-12, күндіз 13-20 жылы, түнде таулы аймақтарда 0-5 жылы болжанады.

Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа-райы, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фонмен сақталады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама