×

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жеңіске жетті

Алдағы күндері үздік шыққан 3 командаға әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 31.08.2023 | 14:48
Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Таиландтың солтүстік-шығысындағы Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы ХХІІ Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр.

Бүгін D тобындағы 2-турда Қазақстан құрамасы Гонконг командасын 3:0 есебімен жеңді. Матч 25:16, 25:23, 25:17 есебімен аяқталды. 

Кеше ұлттық құрама Филиппинмен ойнап, тай-брейкте басым түскен. Енді отандастарымыз ертең Қытай құрамасымен топтағы шешуші ойында кездеседі. Жеңімпаз бен жүлдегерлер 6 қыркүйекте анықталады.

Биылғы чемпионатқа құрлықтағы 14 ел өз құрамасын жіберді. Осыған дейін 2019 жылы өткен додада Жапония волейболшылары топ жарған. Алдағы күндері үздік шыққан 3 құрама командаға Азия атынан 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жолдама беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама