×

«Шектеу қойылады». Өскеменде тұрғындарға ескерту жасалды

Ғимараттардың қауіпсіздігі тексеріледі

 Дәурен Ерболат 31.08.2023 | 11:29
Фото: liter.kz

Өскемен қаласының тұрғындарына ескерту жасалды, деп хабарлады ШҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Бүгін қалада өтетін оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалдың дамуының түрлі сценарийіне жедел ден қою мәселелері пысықталады.

Осыған байланысты белгілі бір шектеу қарастырылған: көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарынан терроризмге қарсы оқу-жаттығуға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және іс-шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талабын орындауды сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама