×

Тоқаев Малайзияның жоғарғы билеушісін құттықтады

Қазақстан жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын

 Динара Амантай 31.08.2023 | 10:10
Фото: bangkokbook.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай елдің жоғарғы билеушісі Сұлтан II Абдулланы құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан мен Малайзияны түрлі саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған берік серіктестік қатынастар байланыстырады. Екі елдің мүддесін көздейтін көпжақты іс-әрекеттерімізді нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екенімді білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарғы билеушінің барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама