×

Тоқаев Қырғызстанның президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады

 Динара Амантай 31.08.2023 | 09:47
Фото: sputnik.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады. Сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама