×

Африканың тағы бір елінде мемлекеттік төңкеріс жасалды

 Габон халқы көшеге шығып, әскерилерге қолдау көрсетіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2023 | 17:28
Фото: bbc.com

Африканың Габон елінде мемлекеттік төңкеріс жасалды.

BBC агенттігінің мәліметіне қарағанда, Габонның әскерилері жақында болған президенттік сайлаудың нәтижесіне қарсы шығып, осымен үшінші рет сайланған мемлекет басшысы Әли Бонго Ондимбаның жеңісін мойындамады.

Әскерилер мемлекеттік институттарды таратып жіберді. Сонымен бірге олар шекараны жауып тастады.

Президенттік сайлауда Әли Бонго Ондимба халықтың 64,27% дауысын алып, үшінші рет сайланған болатын.

Қазір елге кіріп-шығуға тыйым салынған. Ал Габон халқы көшеге шығып, әскерилерге қолдау көрсетіп жатыр.

Әли Бонго Ондимбаның отбасы елді 1967 жылдан бері басқарып келеді. Оның әкесі Омар Бонго 40 жылдан астам уақыт президент болған. Ал қазіргі президент Әли Бонго Ондимба алғаш рет 2009 жылы мемлекет басшысы болып сайланған. 2016 жылы екінші рет сайлауға түсіп, президент орынтағына қайта отырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама