×

Қырғызстанда «Барселона» клубының футбол академиясы ашылды

Оқу орнында 200 бала оқитын болады

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2023 | 16:39
Фото: kazlenta.kz

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында «Барселона» клубының футбол академиясы ашылды.

Оның ашылу салтанатына Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров пен «Барселона» футбол клубының басшысы Жоан Лапорта қатысты.

Бұл – каталониялық клубтың Орталық Азиядағы алғашқы академиясы. Мұнда 200 бала оқитын болады. Олар академияда тегін тұрып, теңбіл доп өнерін үйренеді. Балаларды шетелдің мамандары оқытады. Енді алдағы кезде Бішкек қаласында да «Барселонаның» тағы бір футбол академиясы ашылады деп жоспарланып отыр.

Кеше оның қазығы қағылды. Сол күні Қырғызстанның астанасында Азия футболының аты аңызға айналған ойыншылары мен «Барселонаның» атақты футболшыларының арасында жолдастық матч болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама