×

Таэквондошы Бауыржан Исамедин – әлем чемпионы!

Спортшы – Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 9-сынып оқушысы

 Дастан Жұмабекұлы 30.08.2023 | 10:41
Фото: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжі

Босния жен Герцеговинаның астанасы – Сараево қаласында таэквондодан (WTB) жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Бауыржан Исамедин құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ол 164 см дәрежесінде (ереже бойынша жасөспірімдер арасында сайыс спортшылардың бойы бойынша өтеді, - ред) Австралия, Иран, Түркия, Эквадор және Германия спортшыларынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.

Бауыржан Исамедин – Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 9-сынып оқушысы, Маңғыстау облысының тумасы.

Әлем чемпионаты 27 тамызда басталған. Ертең жарыстың соңғы күні болады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама