×

Қазақстан Беларусьтегі ҰҚШҰ жаттығуына бронды техника жіберген жоқ – министр

Әскерді Беларуське жіберу мемлекетке қауіп төндірмейді

 Дәурен Ерболат 29.08.2023 | 12:24
фото: Kaztag.kz

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ҰҚШҰ жаттығуына Қазақстанның әскери техника жөнелткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Интернетте Қазақстанның (ҰҚШҰ жаттығуына) бронды техника жөнелткені туралы ақпарат – фейк. Бүгінде бүкіл техника тұрақты дислокация бекеттерінде тұр.  Тек жедел топ жіберілді. Олардың саны – 11 адам, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Журналист қазақстандық әскерді Украинамен шектесетін Беларусь аумағына жіберу қандай қажеттіліктен туындағанын сұрады.

«Мұнда Украина локациясының қатысы қанша? Беларусь – бейбіт мемлекет әрі ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ», - деді Руслан Жақсылықов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама