×

Іле Алатауы тауларында екі турист адасып кетті

Ер адамдар Кімасар асуының жоғарғы ауданынан табылды

 Дастан Жұмабекұлы 28.08.2023 | 16:06
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

27 тамызда Іле Алатау тауларында екі турист адасып кетті.

Сағат 21:45-те Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары туристерді іздеуге шықты. Тауда нөсер жауып, іздеу-құтқару жұмыстары қиын климаттық жағдайда болды. Сағат 00:15-те ер адамдар Фурманов шыңының әткеншегіне барар жолда – Кімасар асуының жоғарғы ауданынан табылды.

ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таудағы қауіпсіз сапардың ережелерін сақтауды сұрайды. Тауға шыққанда қосалқы киім жиынтығы, телефонға арналған қосымша қуат көзі, қолшам, су өткізбейтін қапқа салынған сіріңке, алғашқы көмек жинағы болуы керек. GPS навигаторы мен шағылыстыратын көкірекше болғаны жөн, – деп хабарлады ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Түстен кейін зерделемеген жолға шықпау, бейтаныс жермен жүрмеу керек. Жорықтың негізгі бөлігі таңертең, күн жарықта болғаны дұрыс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама