×

Атыраудағы перинаталдық орталықта тышқан қаптап кетті (ВИДЕО)

Қазір перзентхана қаладан алыс жерге көшірілген

 Дастан Жұмабекұлы 28.08.2023 | 13:33
Фото: egemen.kz

Атыраудағы перинаталдық орталықта тышқан көбейіп жатыр. Бұл туралы AtyrauPress хабарлады.

Атырау облыстық перинаталдық орталығының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, ғимарат жазық далада болғандықтан дала тышқандары көбейіп келеді. Алайда облыстық перинаталдық орталықтың әкімшілігі бұл мәселенің алдын алу үшін дезинфекция жұмыстарын жиі жүргізетінін жеткізді. Соған қарамастан ғимараттан тышқандар әлі де табылып жатыр.

Жақын күндері дезинфекция жұмыстары тағы да жүргізіледі. Атырау облыстық перинаталдық орталығы былтыр қазан айынан бастап қала сыртына, коронавирус кезінде салынған модульдік ауруханаға уақытша көшірілген болатын. Қазір перинаталдық орталықтың бұрынғы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу аяқталған соң бұрынғы мекенжайға ауыстырылады, – делінген жауапта.

Ал қазір перзентхана қаладан алыс жерге көшірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама