×

Екібастұзда кеншілер ереуілге шықты

Кәсіпорын кәсіби мерекеге арналған сыйақыны да бермеген

 Халық үні 27.08.2023 | 21:41
Фото: Freepik.com

Екібастұздағы «Бас карьер» разрезінің жұмысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде өз наразылығын айтқан кеншілердің видеосы тарады.

Олар бәрімізді, 120 адамды жұмысты тоқтатқанымызүшін жұмыстан шығарайын деп отыр, - дейді ереуілге шыққан кеншілердің бірі.

Видео авторының айтуынша, кәсіпорын кәсіби мерекеге арналған сыйақыны да бермеген. Ал жаңа басшылар ылғи жұмыстан шығарамыз деп қорқытады.

«БАС Карьер» ЖШС желіде тараған ақпаратты жоққа шығарып, жалақының уақытында төленіп жатқанын мәлімдеді.

ЖШС-ның хабарлауынша, компания 2020 жылдың шілдесінен бастап автомобильдік жүк тасымалдау қызметі нарығында жұмыс істейді.

Біздің компаниямыз жер қойнауын пайдалану саласында жұмыс істемейді. Біз көлік қызметін көрсетеміз, - дейді компания мамандары.

Бұлқызметті жер қойнауын пайдалану саласындағы кәсіпорындар пайдаланады. Олардың ішінде «Ангренсор Энерго» ЖШС де бар.

«2023 жылы өндірістегі жұмысшылардың жалақысы 20 процентке көтерілді. Бүгінде олардың орташа жалақысы 400-450 мың теңгені құрайды. 27 тамыздағы жағдай бойынша компанияда жұмысшылардың жалақысы бойынша ешқандай қарыз жоқ. Дегенмен компания басшылығы қосымша қаржы бөліп, өндірістегі жұмысшыларға сыйақы төлеуге шешім қабылдады», - деп атап өтті «БАС Карьер» ЖШС қызметкерлері.

Сыйақының жартысы 15 қыркүйекке дейін түссе, қалғаны 15 қазанға дейін аударылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама