×

Тамылжыған тамызда қырғыз жеріне қалың қар түсті (ВИДЕО)

28-29 тамызда да ондағы ауа райы қолайсыз болғалы тұр

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2023 | 17:52
фото: видеодан скриншот

Қырғызстанның Нарын облысындағы Торугартта қар жауды. Бұл туралы Kaktus.media хабарлады.

Тамыз айында қырғыз-қытай шекарасындағы «Торугарт» бақылау-өткізу пунктінде жауған қардың видеосын жүк көліктерінің жүргізушілері әлеуметтік желілерге жариялады.

Ал Қырғызгидромет 27 тамызда күндіз және 28-29 тамызда Қырғызстанда ауа райының күрт өзгеретінін хабарлады. Соған сүйенсек, елдің биік таулы аймақтарында да қар жауады деп күтіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама