×

Бибісара Асаубаева Абу-Дабидегі шахмат фестивалінде 1-орын алды

Masters тобында қазақстандық қатысушылардың ішінен Арыстанбек Уразаев та үздік нәтиже (9 мүмкін ұпайдан 6,0 ұпай) көрсеткен

 Еркеғали Болатұлы 27.08.2023 | 12:00
фото: bassport.kz

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Абу-Дабидегі Халықаралық шахмат фестивалінде 1-орынды (9 мүмкін ұпайдан 5,5 ұпай) жеңіп алып, еліміздің шахматшылар рейтингінде үздік деп танылды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Көрсетілген тамаша нәтиже спортшыны қазақстандық шахматшы қыздардың рейтингтік тізімінде 1-орынға шығарған.

Сонымен қатар Masters тобында қазақстандық қатысушылардың ішінен Арыстанбек Уразаев үздік нәтиже (9 мүмкін ұпайдан 6,0 ұпай) көрсеткен. Мықты қарсыластарымен текетірестегі екі ақтық жеңісі ақтөбелік шеберге гроссмейстерлік ұпай нормасын орындауға мүмкіндік берген.

Әйелдер турнирі (Ladies) құрамы да жоғары нәтижеге қол жеткізді. Альфия Насыбуллина (Астана) 7 ұпайдан 5,5 ұпай жинап, үшінші орынды бөлісіп, қосымша көрсеткіштер бойынша 5-орынға жайғасты. Әнел Мұратова (Алматы) 5,0 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама