×

Алматыдан 428 км қашықтықта 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта Қырығызстан аумағында болған.

 Халық үні 27.08.2023 | 08:30
ашық дереккөзден

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 27 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 04:11-де жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 км қашықтықта Қырығызстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық класы 9.8.

Магнитудасы 4.6. MPV.

Эпицентрінің бағыты 40.88° с.е. 72.78° ш.б. жатыр.

Тереңдігі 5 км.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама