×

Көкшетауда балабақшалардың бірінде меңгеруші аса ірі көлемде ақша жымқырған

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр

 Динара Амантай 26.08.2023 | 12:25
Фото: Halyq Uni

Көкшетау қаласындағы балабақшалардың бірінің меңгерушісі жалған жұмысқа орналастырылған қызметкерлерге балабақшаның қаражатын аударып отырғандығы анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, аталған қаржы балабақшаның қажеттіліктеріне қарастырылған, Алайда лауазымды тұлға жоспар құра отырып, ай сайын жалған жұмысшылардың банктік шоттарына ақшалай қаржы аударып отырған. Кейіннен банктік шоттардың иелері түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, лмеңгерушіге берген.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 3 млн теңгеден асты.

Анықталған бұзушылық бойынша прокуратура ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған баптың санкциясына сәйкес мүлікті тәркiлеу, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жымқырылған мүліктің оннан жиырма есеге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылықты көздейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама