×

Семейде танысын полицейлерге пара беруге итермелеген тұрғын ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 26.08.2023 | 18:04
Фото: inform.kz

Абай облысында жергілікті тұрғынды облыстық полиция департаментінің Процессингтік орталығының лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеген Семей қаласының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, ол сыйақы үшін Ресей Федерациясының автокөлігін қазақстандық есепке қоюды жеделдетуді ұсынған.

Күдікті ұсталып, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат берді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-лардың қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша шетелдік есепте тұрған автокөліктерді заңдастыру рәсімінде олқылықтар анықталған болатын. Аталған кемшіліктер олардың заңсыз тіркелуіне жағдай туғызып, «делдалдардың» заңға қайшы қызметтерінің пайда болуына ықпал еткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ-нің көлік құралдарын тіркеу процестерін автоматтандыру және цифрландыру бойынша бірлесе жүргізген шараларына қарамастан, алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама