×

Пригожиннің апатқа ұшыраған ұшағында Қазақстан тумасы болған

Кристинаның Пригожинге ешқандай қатысы жоқ 

 Халық үні 25.08.2023 | 22:56
Фото: facebook.com/kristina.yadrevskay

Вагнер ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен бірге ұшақ апатынан қаза тапқан жалғыз әйел - Қазақстанның 39 жастағы тумасы Кристина Распопова, деп хабарлайды Halyq Uni

Ол «МНТ Аэро» компаниясының қызметкері болған және апатқа ұшыраған ұшақта бортсерік қызметін атқарған.

Starhit.ru сайтының хабарлауынша, Кристина Челябі облысы Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі. Екеуі де Қазақстанда туған. 

Оның туысы РБК-ға Кристинаның Пригожинге ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Кристинаның Пригожинге ешқандай қатысы жоқ, ол жеке ұшақтарда стюардесса болған. Кез келген адам ұшақты жалдай алады, оның әуе компаниясымен келісімі болды және кез келген адам ұшақты жалға ала алады, сондықтан оның кім ұшатынына ешқандай қатысы жоқ, - деп келтірді РБК Кристинаның туысының сөзін. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама