×

Көлігін есепке қойғысы келген азамат алаяқтың құрбаны болды

Ол күдіктіні Whatsapp қосымшасындағы чаттан тапқан

 Динара Амантай 24.08.2023 | 14:53
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде шетелдік көлігін есепке қоймақ болған азамат алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полицияға қызметкерлерінің мәліметінше, қалалық ПБ-ға 33 жастағы тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол Whatsapp қосымшасындағы чаттан белгісіз адамның шетелдік көлік құралдарын есепке қоюға көмектесетіні туралы хабарландыруды тапқан. Ер адам өзінің шетелдік есепте тұрған Toyota Camri автокөлігін есепке қою үшін хабарландыру авторына 75 мың теңге жіберген. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсінген. Өйткені жас жігіт телефонын сөндіріп, байланысқа шығуды тоқтатқан. Осыдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері осы дерекке қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы жігітті анықтап, ұстады.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама