×

Астанада 160 мыңға жуық оқушыны қамтитын үйірмелер мен секциялар бар

Алдағы екі жылда 5 оқушылар сарайы салынады

 Халық үні 24.08.2023 | 10:57
фото: gov.kz

Астана қаласының мектептерінде 158 185 баланы қамтитын 2 188 үйірме мен секция жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл қосымша білім берумен қамту 79,9%-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Соңғы 3 жылда қалада 13 қосымша білім беру ұйымының филиалдары ашылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2029 жылға дейін 15 оқушылар сарайы салынады. Оның 5-еуі алдағы екі жылда салынатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама