×

«Қазақтарды моңғолдар деді»: Болгарияда өткен жарыста қазақ баласы соққыға жығылды

Ата-аналар дипломаттардан көмек сұрады

 Халық үні 23.08.2023 | 23:38
фото: Facebook.com

Болгарияда жүрген қазақстандық Мағжан Бейімбетов есімді азамат өзінің Facebook-тегі парақшасында Болгарияда футболдан балалар арасындағы жарыста қазақ баласының соққыға жығылғанын айтып, көмек сұрады. 

Оның айтуынша, ойын кезінде 11 жастағы қазақ баласын болгар азаматы ұрып-соққан. 

Шынымды айтсам, мен Болгария азаматтарының бізге, Қазақстан азаматтарына қатысты іс-әрекетіне таң қалдым. Бүгін біздің 11 жастағы баламызды дәл ойын үстінде соққыға жықты. Оны болгар командасындағы ойыншылардың бірінің ата-анасы ұрды. Біздің жаттықтырушымызды да ұрып жібере жаздады, ең қызығы, барлық болгарлар бізді «моңғолдар» деп атады. Өзбекстаннан келген бауырларымызды да ұрды, - деп жазды ол.

Айтуынша, ата-аналар дипломаттардан көмек сұрады, бірақ олар тек төлқұжаттардың көшірмелерін алумен шектелген.

Тіпті дәрігерлерге де балаларды тексеруге рұқсат берілмеді. Егер бізге осындай қарым-қатынас көрсетсе, қазақстандықтардың Болгарияда қадір-қасиеті жоқ деген сөз. Біздің жаттықтырушымызды таптап кете жаздады, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама