×

Бес адам қаза тапты: Қызылорда облысында қайғылы жағдай болды

Тағы 3 адам жарақат алды

 Халық үні 23.08.2023 | 20:56
фото: polisia.kz

Қызылорда облысындағы жол апатына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Бүгін, 23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болған. Тағы 3 адам жарақат алды.

ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама