×

Прокуратура ШҚО-дағы 80 мектепте ерекше балалардың білім алуына жағдай жасалмағанын анықтады

Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеген 48 мұғалімге қосымша ақы төленбеген

 Халық үні 23.08.2023 | 15:32
фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында өңірдегі ерекше білім беру және медициналық қажеттіліктері бар балалардың құқығын сақтау мәселесі қаралды.

Облыс прокуроры Алмат Байшолақов өңірде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10 мыңнан астам бала тұратынын, оларға мемлекет білім беруге басқалармен тең жағдай жасауға тиіс екенін атап өтті. Бірақ прокурорлар өңірде ерекше балалардың білім алуына жағдай жасалмаған мектептер саны көп екенін анықтады.  

Тексеру нәтижесіне сәйкес, түзету кабинеттерінің, ПМПК, бейімделген білім беру мекемелерінің жетіспеушілігі, арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың талаптарға сай келмеуі, педагогтардың тапшылығы анықталды.    

Мәселен, үш түзету кабинетінің болмауынан 441 балаға қолдау көрсетілмеген. 2016 жылдан бастап есту қабілеті нашар 5 жасқа дейінгі балаларға арналған топтар болмаған. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның жетіспеуінен 803 баланың кезегін тосып жүр.

Өңірдегі 342 мектептің 80-де ерекше балалардың білім алуына жағдай жасалмаған. Екі мектептің 49 қызметкеріне ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төленбеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама