×

Қазақстанның 6 облысында 38 градусқа дейін ыстық болады

Күндіз Жетісу, Ұлытау облыстарында, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде 35-38°с дейін қатты ыстық күтіледі.

 Халық үні 23.08.2023 | 06:45
Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 23 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

 Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен найзағай, дауылмен және желдің күшеюі болады, бұршақ жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы күтіледі. Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Жетісу, Ұлытау облыстарында, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде 35-38°с дейін қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облыстың батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстікте, батыста, оңтүстікте, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында – жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік Солтүстік Қазақстан, Батыс, Солтүстік, Оңтүстік Ақмола, Оңтүстік, Қарағанды облыстарының орталықтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама