×

Атырауда діни кітаптар сатқан әйел жауапқа тартылды

Діни әдебиетті тек арнайы орында сатуға болады

 Дәурен Ерболат 22.08.2023 | 17:45
Фото: zakon.kz

Атырауда полиция діни кітаптар сатқан 30 жастағы тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлады Polisia.kz.

Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері темір жол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды ұстады. 30 жастағы әйелден діни мазмұндағы 80 кітап тәркіленді.

Полиция әйелдің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.

Атырау қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (172 500 теңге) айыппұл салынды. 

Тәртіп сақшылары «Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы» заңға сәйкес, діни әдебиетті, діни сипаттағы материалдар мен заттарды тек діни ғимараттарда, діни білім мекемелерінде және жергілікті атқарушы органдармен бекітілген арнайы стационарлық орындарда сатуға рұқсат берілетінін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама