×

2 бала іздестіріліп жатыр: Отырар ауданында суға батқандарға қатысты соңғы мәлімет

Іздестіру жұмыстарына 150 адам жұмылдырылды

 Динара Амантай 22.08.2023 | 13:45
Фото: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Түркістан облысының Отырар ауданында суға батқан 11 адамның 9-ы табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде суға батқан 11 адамның ішінен ТЖД күшімен 9 адамның, оның ішінде 3 әйелдің және 6 кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. Сондай-ақ 2 кәмелетке толмаған баланы іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Белгілі болғандай, демалыста 20 адамнан тұратын 4 отбасы болған.

ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істейді (8725 33 5-78-81). Түркістан облысы ТЖД басшылығы оқиға орнында жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД жедел құтқару жасағынан 13 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қаласы ТЖД жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 1 техника, Түркістан облысы ТЖД-дан 50 адам, 2 дрон, 5 техника, ЖАО-дан 4 адам, 1 жүзу құралы, полиция департаментінен 71 адам, 1 жүзу құралы және 7 техника, «103» қызметінен 6 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Екске сала кетсек, бұған дейін 21 тамызда сағат 17:40-та Түркістан облысының Отырар ауданында, Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адамның суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Түркістан облысы әкімдігінің хабарлауынша, бір әулеттің мүшелері тойдан кейін демалуға тоқтаған. Ешкімнің суға түсу туралы ойы болмаған, яғни арнайы суға түсу үшін тоқтамаған. Жаға тайғақ болған соң біреуінің аяғы тайып кеткен. Артынша басқалары оны құтқаруға ұмтылған,

Серіктес жаңалықтары

Сараптама