×

Алматыда ер адам үйді жәндіктерден тазалаймын деген желеумен пәтер тонаған

32 жастағы күдіктінің аз дегенде бес пәтер ұрлығына қатысы болуы мүмкін

 Динара Амантай 22.08.2023 | 11:43
Фото: polisia.kz

Алматыда үйді жәндіктерден тазалаймын деген желеумен ұрлық жасап жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, үй жәндіктерін улап, пәтер тонап жүрген 32 жастағы күдіктінің аз дегенде 5 пәтер ұрлығына қатысы болуы мүмкін.

Күдікті тұрғындардың үйлеріне жәндіктерді улау қызметімен айналысатынын желеу етіп кірген. Үй ішін арнайы дәрілермен залалсыздандыру барысында үй иесінің шығып кетуін сұраған. Ал бұл уақытта қаскөй алтын, күміс бұйымдарды іздеп тауып, қолды етіп үлгерген. Біз оны дереу анықтап, қолға түсірдік. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Тимур Мулинов.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама