×

Наурызым қорығында үш жерден өрт шықты

Құрғақ шөп пен бұталар өртенді

 Халық үні 21.08.2023 | 22:30
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай облысы Наурызым қорығында бірнеше өрт ошағы табылды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

Министрліктің мәліметінше, өртті жоюға 86 адам және 32 техника жұмылдырылды.

21 тамызда сағат 16:30-да Қостанай облысы Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының аумағында алдын ала болжам бойынша құрғақ шөп пен бұталар өртеніп, өрт 50 гектер алаңдағы орман алқаптарына өтті. Шолақсай ауылынан 15 шақырым аумақта тағы бір өрт ошағы шықты. Үшінші ошақ Қарамайшы бөлімшесінен 20 шақырым қашықтықта анықталды, - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы – еліміздің ұлттық байлығы болып саналады. Оның негізгі мақсаты – Солтүстік Қазақстанның далалық аймағының бірегей табиғи кешендерін, флорасын және фаунасын табиғи қалпында сақтап қалу.

1931 жылы құрылған қорықтың аумағы 191400 гектарды құрайды.

Қорықтың басты қазынасы – қарағайлы ормандары. Олар үшінші және төртінші дәуірден бері өзінің бастапқы келбетін сақтап тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама