×

«Қазақстан» шахтасындағы өрт қасақана қойылған»: облыстық ПД мәлімдеме жасады

Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде

 Халық үні 21.08.2023 | 19:48
фото: rus.team

Әлеуметтік желілерде Қарағанды ​​облысының полиция департаментіне сілтеме жасап,«Қазақстан» шахтасындағы өрт қасақана болуы мүмкін деген ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Halyq Uni

Полиция тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер атап өткендей, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, өрттің шығу себебін анықтайтын тиісті сараптамалар тағайындалды.

Облыс тұрғындарын ықтимал қауесеттер мен арандатушылықтарға берілмеуді, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі бар, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама