×

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілерін жасырған

Олар тиісті дәрежеде тексерілмеген

 Динара Амантай 21.08.2023 | 18:07
Фото: ktzh-gp.kz

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілерін жасырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан көлік прокуратурасының мәліметінше, 2020-2023 жылдар аралығында магистральдық теміржол желісінде болған қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың (оның ішінде локомотивтің түсуі) 4 жағдайын есепке алудан жасыру фактілері анықталған. Олар тиісті түрде тексерілмеген.

Аталған дерек бойынша прокуратура «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атына заңдылықты бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізді, – делінген Көлік прокуратурасының хабарламасында.

Мұндай жағдайды түзетудің және оларға жол бермеудің орнына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның Бас директоры міндетін атқарушы М.К.Көкрекбаев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 36-бабының талаптарына сәйкес келмейтін хатпен жауап беру туралы шешім қабылдаған.

М.К.Көкрекбаев прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қабылдаған жоқ: локомотивтің жиыны«оқиға» ретінде сараланбаған, жылжымалы құрамның арнайы сигналдарының іске қосылуының 3 жағдайы (темір жолға құлау, жылжымалы құрамның бөлшектерін тарту) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу ретінде есепке алынбаған және«оқиға» ретінде сараланбаған. Бұл көлік прокурорының ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болды («Прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбау»), – делінген хабарламада.

Нәтижесінде сот М.К.Көкрекбаевты жоғарыда аталған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама