×

БҚО-да сүйіктісімен ұрсысып қалған жігіт өзіне қол салмақ болды

Полиция онымен бір сағат сөйлескен

 Дәурен Ерболат 21.08.2023 | 17:51
Фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында ер адам өзіне қол салмақ болды, деп хабарлады Polisia.kz.

20 тамызда кешкі сағат 21:30-да Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне бір жігіттің Жайық өзеніндегі көпірден құлағалы тұрғаны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жақын жерде жүрген Жігер Ахонов пен Қайрат Длимов атты патрульдік полиция қызметкерлері жеткен. Олар жігітті аман алып қалу үшін барын салған.

Полицейлер жігітпен бір сағаттан аса уақыт сөйлесіп, оны райынан қайтарды. Ол қаладағы полицияға бөліміне жеткізілді.

Кейін анықталғандай, Теректі ауданының 29 жастағы тұрғыны мас болған. Ол мұндай қадамға сүйіктісімен жанжалдасу салдарынан барған.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі («Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу») бойынша жігітке әкімшілік хаттама толтырылды. Ол Оралдағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама