×

Енді студенттер жатақханадағы әділетсіздікке шағымдана алады

Олар үшін жедел желі іске қосылды

 Дәурен Ерболат 21.08.2023 | 17:17
Фото: 78.ru

Қазақстанда студенттер жатақханадағы әділетсіздікке шағымдана алады. Бұл туралы AMANAT партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ата-аталар мен студенттерге айтарым бар. Біз жатақханалардағы келеңсіз жағдайды ғана емес, ондағы басқа да мәселелерге назар аударғымыз келеді. Мысалы, жатақханалардағы орын туыстарға немесе таныстарға заңсыз берілуі мүмкін. Осыған біз тосқауыл қоюға дайынбыз, - деді төраға.

Нұржан Жетпісбаев жатақханада 6 жыл тұрғанын, ондағы әділетсіздікті жақсы білетінін де атап өтті.

Осыған байланысты «Жастар Рухы» жастар қанаты арнайы тікелей желіні іске қосты:

  • +7 776 558 44 39;
  • Instragram/@jastar_ruhy (Direct-ке де жазуға болады).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама